Жамбылская область

«Буллинге ұшырамаған»: министр Жамбыл облысында суицид жасаған екі баланың өліміне қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаева Жамбыл облысындағы екі жасөспірімнің суицид жасауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, аталған фактілер бойынша құрамында Жамбыл облысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, білім басқармасы, Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық департаментінің өкілдері бар арнайы жұмыс тобы құрылған.

«Жұмыс тобы аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында Түймекент ауылында орналасқан мекенжайларды аралау арқылы мектеп оқушыларының ата-аналарына психологиялық профилактика жүргізіп, осы сынды оқиғаларды болдырмау үшін арнайы кеңес өткізді. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмысы зерттелді. Жасөспірімдердің отбасыларына психологиялық қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, балалардың жеке парақшалары зерттеліп, қауіпті ойындарға қатысы бары анықталған жоқ. Жасөспірімдер буллинге ұшырамаған. Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде», — деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен бірге, оқу-ағарту министрі БАҚ-та суицид туралы жарияланымдардың көптігіне наразылығын білдірді.

«Мұндай тақырыптарды жариялай беру – мәселені одан әрі ушықтырады. Бұл жасыру деген сөз емес, дегенмен суицидтің әр деталіне дейін жазып, жарнамалаудың қажеті жоқ. Әлемде бұл туралы зерттеулер де бар», — деді ол.

Еске салсақ, кеше Жамбыл облысының Түймекент ауылында екі жасөспірім суицид жасаған. 

Другие новости

Back to top button