Культура

«Бұл жерде жәбірленуші менмін»: Қайрат Нұртас оқиғаның қалай болғанын айтты

Алматы-Астана бағытындағы ұшақтағы бұзақылығы үшін ұсталған әнші Қайрат Нұртастың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ол екеуміз дос болғанбыз. Мен тойға бармаймын дедім. Ол бармасаң, аяғыма жығыл деді. Сосын мені бірінші ұрды. Бұл жерде жәбірленуші менмін. Ол бірінші бастады. Мені ұрғаннан кейін ғана ұрдым. Жарақатты бәріміз алдық, ең бастысы тыныш отырдық қой», — деді Қайрат Нұртас.

Сотта Қайрат Нұртастың туған інісі мен анасы төбелесті бірінші бастаған адамды да жауапқа тарту керек деп ойлайтынын айтты.

Жәбірленуші Асылбек Бекқайыров Қайрат Нұртасты Орал қаласына досының тойына баруға өтініш білдіргенін айтты.

«Өтінішімді жазып жібердім. Түнгі екіде мені боқтап жазып жіберіпті. Онымен кездесе алмадым, неге боқтағанын түсінбедім. Ұшақта көріп, неге мені боқтағанын сұрадым. Бортсерік мені алып кетіп бара жатқанда, Қайрат Нұртас мені ұрды. Мән-жай осылай болды», — деді Бекқайыров.

Қайрат Нұртас соттан айыппұл тағайындауды сұрады.

Другие новости

Back to top button