Алматы

«Бұл бұйрық заңды ма?»: Алматы қаласында ата-аналар мұғалімнің әр баланың үйін аралап, фотоға түсіруіне қарсы шықты

Алматы қаласында ата-аналар мектеп басшылығының үйлерді аралап, әр баланың үйін фотоға түсіруіміз керек деп айтқанын мәлімдеп, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

 

Алматылық тұрғын Бауыржан Омаровтың балалары №168 гимназияда оқиды. Айтуынша, аудандық білім басқармасы мектепке оқушылардың үйлерін аралап, бөлмелер мен ауланың, тіпті кейбір құжаттарды суретке түсірсін деп бұйрық берген.

“Сынып жетекшісі қандай негізбен біздің үйді фотоға түсіреді? Бұлар – өз балаларым, асыранды емес. Мұғалім учаскелік полицей емес. Сот шешімі жоқ. Бұл бұйрықтың заңдылығын маған кім түсіндіреді? Мұғалім мұны жұмыс уақытынан тыс кезде жасауы керек екен. Сонда оның өз жұмысы, отбасы жоқ па?!” – деді ата-ана.

Алматы қалалық білім басқармасы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар актісі ата-аналар мен соттың ұйғарымы бойынша қорғаншылық, патронат, бала асырап алғандарға жасалатынын мәлімдеді.

“Білім басқармасы мен аудандық білім бөлімі тарапынан тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды міндетті тексеру туралы тапсырма болған жоқ. ЖБУ актілерін жасау бойынша білім басқармасының қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық білім басқармасының өкілі Ағайша Сапарова.

Другие новости

Back to top button