Госорганы

Бүгіннен бастап Қазақстанда көлігін теріс жерге қойып кеткен жүргізушілерге анонимді SMS жіберуге болады

1 сәуірден бастап қазақстандықтар доңғалағы жарылған, терезесі ашық қалған немесе жолды бөгеп тұрған автокөлікті көрсе, оның иесіне анонимді хабарлама жібере алады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа цифрлық сервис бүгіннен бастап іске қосылды.

«Егер сіз терезесі ашық қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, жағдайды таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жолданады. Бұл сервис өзара көмектесу мен азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз», — деді Мәдиев Үкімет отырысында.

Жоба Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылған.

Другие новости

Back to top button