ГлавноеГосорганы

Бүгін Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумына қатысады

Форум еріктілердің өзара тәжірибе алмасатын ірі диалог алаңы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Халықаралық волонтерлер форумына қатысады, деп хабарлайды Ақорда.

 

Форум 30-дан астам елден және Қазақстанның барлық аймағынан келген еріктілердің өзара тәжірибе алмасатын ірі диалог алаңы болмақ.

Сонымен қатар жиында волонтерлікті дамыту және халықаралық қайырымдылық ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланады деп жоспарланып отыр.

Тақырыпқа орай: Үш жылда еріктілер саны 3 есеге көбейді — вице-министр

Айта кетейік, 20 маусымнан бері өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумына әлемнің 140-тан астам ерікті, сондай-ақ 50-ге жуық шетелдік спикер қатысып жатыр.

Другие новости

Back to top button