
«Еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалатын жиын санаулы сәттен кейін басталады»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, 5-ақпан күні Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды.
Президент кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли Үкімет басшысын тағайындау рәсімі жөнінде пікір білдірді.
Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылды.
Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті.
Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновті тағайындауға келісім берді.