Социум

Бүгін Қазақстанның көп бөлігінде аязды ауа райы сақталады

Республиканың кей аумағында қар жауып, жаяу бұрқасын болады

Синоптиктер 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын сақталады. Ал басқа аймақтарда антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде және оңтүстік-батысында жел күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Астанада ауа райы бұлтты, түнде жел 3-8, күндіз 7-12 м/с жетеді. Күндіз -11-13, түнде -21-23 градус болады.

Алматыда қар жауып, жел секундына 0-5 метрге жетежі. Күндіз -4-6, түнде -11-13 градус болады.

Шымкентте ауа райы бұлтты, жел 5-10 м/с жетеді. Күндіз 0, +2, түнде -8-10 градус болады.

Другие новости

Back to top button