Социум

Бүгін Қазақстанның бірнеше облысында жаңбыр жауады

Республика бойынша қатты жел тұрып, тұман түседі.

Синоптиктер 31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

«Бүгін Қазақстанның солтүстік, орталық аумақтары ауқымды суық антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз салқын ауа райы болуы мүмкін. Еліміздің қалған аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байлаңысты тұрақсыз ауа райы болады, жауын-шашын, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша оңтүстікте қатты жел, шаңды дауыл, соғып оңтүстік-батыста найзағай ойнайды, тұман түседі.

Жетісу, Алматы облыстарының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Түркістан облысының таулы аудандарында, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, күндіз Жамбыл облыстарында екпіні 30 м/с және одан да аса болатын қатты жел соғады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 аяз, күндіз 2-4 жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 10-12 жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлтты шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 жылы болады.

Другие новости

Back to top button