Социум

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жел соғып, батыста тұман түседі

Синоптиктер 3 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Қазақстан аумағының көп бөлігі антициклон жотасының ықпалында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнайды», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша оңтүстік-шығыста қатты жел, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста тұман болады.

Жетісу облысында, Жамбыл облыстарында екпіні 30 м/с және одан да көп қатты жел соғады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Түнде Алматы, Жамбыл облыстарында 1-6 градус, Жетісу облысында 2-7 градус, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 жылы болады.

Другие новости

Back to top button