Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Республика аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклон жотасы әлі де ықпалын сақтайтындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика аумағы бойынша тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз -13-15°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -7-9, күндіз 0-2°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +5+7°С болады.