Бүгін Қазақстанның басым аумағында қар жауады
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады
Синоптиктер 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық өзгерістер әсерінен ауа райы тұрақсыз сақталады, қар жауады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар түрінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.
Алматы облысының тау және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Жолда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз 0-2 болады.
Алматыда бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ) жауып, тұман, көктайғақ болады. Жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +2+4 болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, түнде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +5+7 болады.