Социум

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Тек еліміздің оңтүстігінде, түнде батысында қар жаууы мүмкін

Синоптиктер 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне бұрынғысынша антициклон әсер ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде, түнде батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты көбінесе қар түрінде жауын-шашын жауады. Сондай-ақ көктайғақ болуы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Сонымен қатар оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман түсуі ықтимал.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -22-24, күндіз -13-15 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз 0 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метрлік жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз -6-8 градус болады.

Другие новости

Back to top button