Социум

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын болады

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Синоптиктер 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның басым бөлігінде атомосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын қар және жаңбыр түрінде жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде-көктайғақ, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Түркістан облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Астанада көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетежі. Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +8+10 болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 2-7, күндіз екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +14+16 болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +11+13 болады.

Другие новости

Back to top button