Социум

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбырлы ауа райы сақталады

Жұма күні кей өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Синоптиктер 21 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атлантикалық циклон ойпатының ықпалымен және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, елдің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің батысында, солтүстік-батысында тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз +13+15 болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел жылдамдығы 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз +17+19 болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз +21+23 болады.

Другие новости

Back to top button