Социум

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр, кей өңірде қар жауады

Синоптиктер 22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Солтүстік циклон ойпатының әсерінен және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

«Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады. Солтүстік-батысында және солтүстігінде (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

ҚР бойынша жел күшейеді, республиканың батысында, солтүстік-батысында және орталығында тұман түседі.

Астанада күн бұлтты болып, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жетежі. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +11+13 болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +20+22 болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күн райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +26+28 болады.

Другие новости

Back to top button