Социум

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады

Астанада жауын соңы қарға ұласуы ықтимал

Синоптиктер 26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Солтүстік циклон ойпатының әсерінен және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

«Қазақстанның басым бөлігі циклонға байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болатындықтан, жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Тек республиканың батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін.

Сонымен қатар еліміздің аймақтарында жел күшейіп, тұман болады, солтүстік-батыс пен солтүстік өнірлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Астанада жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы ықтимал, жел жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы +4+6, түнде -1+1 болады.

Алматыда жаңбыр жауады, жел секундына 3-8 метр болады. Күндіз ауа температурасы +11+13, түнде +5+7 болады.

Шымкентте де жаңбыр жауады, жел жылдамдығы 8-13, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы +11+13, түнде +6+8 болады.

 

Другие новости

Back to top button