Социум

Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде қар жауады

Республика бойынша екпінді жел күшейеді

Синоптиктер 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан аумағы бойынша циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың ықпалында болатындықтан қар жауады, батыста, шығыста, оңтүстік өңірінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша екпінді жел күшейеді, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болып, тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз 0°С шамасында болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°С, күндіз +2+4°С. Болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +10+12°С болады.

Другие новости

Back to top button