Главное

«Бүгін – келісімшарттың соңғы күні»: «Сергек» Астана әкімдігінен қанша теңге «алып барады»

Бүгін Астана қаласының әкімдігі мен «Сергек» компаниясының арасында келісімшарт тоқтайтын күн. 2017 жылы елордаға келген бұл жүйе осы жылдар аралығында бюджетке неше теңге айыппұл түсіріп бергенін хабарлаған едік. Ал, бүгін, екі тарап арасындағы келісімшарт аяқталған күні Azattyq Rýhy редакциясы «Сергек» компаниясы әкімдіктен не «алып бара» жатқанын жазбақ.

Сонымен, біздің ресми сауалымызға жауап берген Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы «Сергек» камераларының иесі «Көркем Телеком» компаниясымен арадағы келісімшарттың міндеттерін жария етті. Бүкіл шығынды қосқанда, компанияға әкімдік 27,4 млрд теңге шамасында өтемақы төлейді екен.

«Астана қаласындағы фото-бейнетіркеу және бейнесараптау аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде шартқа сәйкес «Көркем Телеком» ЖШС-не инвестициялық шығындардың өтемақысы – 8 250 млрд. теңге; нысанды басқару үшін сыйақы – 1 525 млрд. теңге; операциялық шығындары бойынша – 17 680 млрд.теңге қаражатты құрайды», — деп хабарлады басқарма.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, жобаға сай, қала жолдарында 700 аппараттық-бағдарламалық кешен, қоғамдық кеңістікте 4 мың бірлік жалпы бейнебақылау камерасы сондай-ақ, 3 мың бірлік бөгде камералары Астана қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына біріккен екен. Келісімшарт бұзылғанына қарамастан, қолданыстағы бейнебақылау камералары қала меншігінде қалатын болған.

Другие новости

Back to top button