Социум

Бүгін еліміздің екі ірі қаласында күн жылы болады

Синоптиктер бүгін, қаңтардың 6-сына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес еліміздің екі ірі қаласында күн жылы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алматыда бүгін көшпелі бұлт күтіледі, ауа температурасы 7-9 градусқа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктер Астанада да жұма күні көшпелі бұлт болады деп болжап отыр. Күндіз ауа температурасы -1…-3 градусты көрсетсе, желдің жылдамдығы 5-10 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкентте де бүгін күн жылы болады, термометр көрсеткіштері 6-8 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Метеорологтар қалада қар аралас жаңбыр жауады деп болжап отыр. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетеді.

Другие новости

Back to top button