
Синоптиктер 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атлантикалық циклонның терең жырасы мен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР-ның басым бөлігінде жаяу бұрқасын болып, қар жауады, түнде шығыстың таулы аудандарында қалың қар жаууы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Солтүстік-батыс антициклон жотасының әсерінен, еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады
Республикамыздың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ болып, Қазақстанның солтүстігінде, батыс және оңтүстігінде жел күшейеді, бұрқасын болуы ықтимал.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан түнде 3-8, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -27-29, күндіз -9-11 °С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -9-11, күндіз -4-6 °С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -9-11, күндіз +1+3 °С болады.