Социум

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Республика бойынша жел соғып, түнде үсік жүреді

Синоптиктер 20 қыркүйеккке арналған ауа райы болжамын жариялады.

«ҚР аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. ҚР бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста жел мен шаңды дауыл соғады, — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау, Ақтөбе облыстарының шығысында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік сақталады.

 

Другие новости

Back to top button