Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік аймақтарда жел соғады Фото: ашық дереккөзден
Синоптиктер 7 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанның барлық аумағында атмосфералық өзгерістер әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, солтүстігінде жел соғып, жаяу бұрқасын күшейеді, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады.
Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 аяз, күндіз 0-2 градус аяз болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел соғады, күші 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Шымкент қаласында ауа райы бұлтты болады, жаңбыр, таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 8-13, таңертең және күндіз 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 8-10 градус жылы болады.