Социум

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Синоптиктер 31 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, облыстың солтүстік-батысында бұрқасын болады.

Астанада жаңбыр жауып, жел секундына 9-14 метрге жетеді. Күндіз +3+5, түнде 0-2 градус болады.

Алматыда жаңбыр жауады, жел секундына 2-7 метр болады. Күндіз +9+11, түнде +4+6 градус болады.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз, жел секундына 5-10 метрге жетеді. Күндіз +12+14, түнде +3+5 градус болады.

Другие новости

Back to top button