Социум

Бүгін еліміздің басым аумағында жауын-шашынды ауа райы болады

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады

Синоптиктер 16 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның басым аумағы әлі де атлантикалық циклон ықпалында болатындықтан, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында қар, еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жетежі. Ауа температурасы түнде және күндіз -4-6 градус, күндіз одан әрі төмендейді.

Алматыда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, таңертең және күндіз тұман түседі. Батыстан соғатын жел секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +1+3 градус болады.

Шымкентте күн бұлтты, таңертең және күндіз қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Кейде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз +1+3 градус болуы мүмкін.

Другие новости

Back to top button