Бүгін елімізде жауын-шашынсыз әрі аязды ауа райы сақталады
Республиканың бірқатар аумағында жел күшейеді
Синоптиктер 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), ҚР қиыр солтүстігінде аздаған қар жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, ҚР оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кейде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен секундына 1-6 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 8-10°С аяз болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 1-3°С жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Кейде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 7-9°С жылы болады.