Нур-Султан

Бүгін Астанада екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды

Елордада қазіргі уақытта ауа температурасы -28 градусты көрсетіп тұр

Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 2022 жылдың 6 желтоқсаны күні екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», — делінген Астана қаласы Білім басқармасы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Астанада қала мектептерінде бірінші ауысымның оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтан өтіп жатыр.

Елордада қазіргі уақытта ауа температурасы -28 градусты көрсетіп тұр.

Другие новости

Back to top button