Выбор редакцииКультура

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының атылған күні

Ұлт ұстазы дәл осы күні Алматыдағы НКВД ғимаратының жертөлесінде атылды, деп жазады Экспресс К.

 

Алаш арысы, ұлы реформатор, ағартушы, ақын, публицист, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы осыдан 85 жыл бұрын нақақтан-нақақ өлім жазасына кесілді. Ғұламаны ату туралы атышулы үштіктің алғашқы шешімі 1930 жылдың 4 сәуірінде шыққан. Кейін бұл үкім бірнеше мәрте өзгертіліп, ажал оғынан аман қалып отырыпты.

 

Алайда ардақты тұлға соңғы деміне дейін қуғын-қудалау азабынан көз ашпады. Сөйте тұра осы аралықта ұлтына қызмет ете тұруға мүмкіндік алды. Жатпай-тұрмай ұлы мақсаты жолында еңбек етіп, қазақ халқы үшін жүрек майын шам қылып өтті. 1937 жылы ақырғы рет тұтқындалып, сол жылдың 8 желтоқсанында атылды.

Айта кетейік, Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Оның соңына қалдырған көл-көсір мұрасы — қазақ халқының сарқылмас қазынасы. Биыл ғұламаның туғанына 150 жыл толды. Мерейтой аясындағы рухани, мәдени іс-шаралар легі әлі жалғасып жатыр.

Другие новости

Back to top button