Госорганы

Бүгін 85 жасқа толған Лаки Кесоглу президенттің қолынан жоғары марапатқа ие болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ КСР-ның халық әртісі Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды», — деп хабарлады Ақорда.

Айта кетейік, Лаки Кесоглу бүгін 85 жасқа толып отыр. Ол кеңес одағы мен Қазақстанның танымал әншісі, профессор, ұстаз. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.

Другие новости

Back to top button