Западно-Казахстанская область

БҚО медицина университетінің ректоры Әсет Қалиев ұсталды

Антикордың жедел уәкілдері «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректор Әсет Қалиевті ұстап, үйінде тінту жүргізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы ұсталды, — деп хабарлады Антикордан.

Ол 12 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Әсет Қалиев Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын хирургия мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы университетті бітіргеннен кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпитальдық хирургия кафедрасында клиникалық ординатор болып еңбек жолын бастаған.

Қалиев 2022 жылдың қыркүйегінен бастап М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры қызметін атқарып келген.

Другие новости

Back to top button