Западно-Казахстанская область

БҚО-да суға батып бара жатқан қызын құтқарған ер адам өзі тұншығып қайтыс болды

Марқұм екінші баланы құтқарып үлгермеген

Батыс Қазақстан облысында Орал өзеніне ер адам мен кішкентай бала батып кетті деп хабарлады «Мой Город» басылымы.

2 тамызда бірнеше адамнан құралған топ Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылында өзен жағасында демалыс өткізген. Сағат 16:00 шамасында адамдар кішкентай қыз бен баланың суға ағып кеткенін көрген. Қыздың әкесі өзенге тұра ұмтылып, өз қызын жағаға шығарып үлгергенімен, жеті жасар жиенін құтқаруға шамасы келмеді, ағын су екеуін де ағызып әкеткен.

Құтқарушылар ер адамның денесін су түбінен алып шықты. Баланы іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.

«Оқиға орнында ТЖД-ның 8 құтқарушысы және екі техника жұмыс істеп жатыр. Өзеннің бұл бөлігі шомылуға арналмаған, тереңдігі 10 метрді құрайды», — деді БҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

 

Другие новости

Back to top button