Западно-Казахстанская область
БҚО-да қоқыс үйіндісінен ер адамның мәйіті табылды
Батыс Қазақстан облысының Круглоозерный ауылында «кісі өлтірді» деген күдікпен 1999 жылы туған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 21 қыркүйек күні сағат 19:05-те Круглоозерный ауылының шетіндегі қоқыс тастайтын жерден адам қолынан қайтыс болған 30-35 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Кейін ол 1990 жылы туған А. есімді Казталов ауданының тумасы екені анықталды.
Жедел іздестіру шаралары барысында «аса ауыр қылмысты жасады» деген күдікпен 1999 жылы туған А. есімді азамат анықталып, ұсталды.
Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі негінізде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.