Западно-Казахстанская область

БҚО-да жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Батыс Қазақстан облысындың Бөрлі ауданында жол апаты болып, көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 9 тамызда сағат 7:10 шамасында Подстепный-Федоров-РФ шекарасы жолының 95-шақырымында болған.

«Бөрлі ауылынан шыға берісте, Бөрлі-Ақсай жолының қиылысында «Ауди» көлігінің 1963 жылғы жүргізушісі жол бермей, 1985 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Тойота Ланд Крузер» автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан 1963 жылғы жүргізуші сол жерде жан тапсырды», — делінген хабарламада.

Ал «Тойота Ланд Крузер» автокөлігінің жүргізушісі дәрігер қараған соң үйіне жіберілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне соқтырған жол жүру ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Другие новости

Back to top button