БҚО-да жол апатынан 14 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 28 қыркүйекте кешке болған
Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласында жол апатынан 14 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 28 қыркүйекте кешке болған. «ГАЗель» автокөлігімен соқтығысқан.
«Lada Granta көлігі негізгі көше қиылысында келе жатқан жеңіл көлік жолаушылар таситын «ГАЗель» көлігіне жол бермей, соның салдарынан екі көлік соқтығысқан. Оқиға салдарынан бір адам ауруханада көз жұмды», — делінген ПД хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау хабарлауынша, зардап шеккендердің арасында балалар да бар.
«Жедел жәрдемге қоңырау сағат 18:21-де түскен. Жол апаты салдарынан барлығы 14 адам жарақат алды. Соның ішінде 72 жастағы әйел ауыр жарақаты салдарынан ауруханада қайтыс болды. 64 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр, ол хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Қалған 12-сі амбулаториялық ем алуға жіберілді», — делінген ведомство хабарламасында.
жол-көлік апаты адам өлімі БҚО Полиция департаменті