Западно-Казахстанская область

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты тіркелді: көлік жүргізушісі өртеніп кетті

1 қыркүйек күні Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тас жолында жол апаты салдарынан көлікпен бірге оның жүргізушісі өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мой город» басылымының мәліметінше, жолдың 23-ші шақырымында Volkswagen Passat пен Subaru соғысқан. Volkswagen жүргізушісі басып озып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Subaru-мен соғысқан.

Апаттан кейін Passat жүргізушісімен бірге өртеніп кетті. Апат орнында Subaru жолаушысы да қаза тапты. Subaru жүргізушісі мен үш жолаушысы әр түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button