Выбор редакцииЗападно-Казахстанская область

БҚО-да ішімдікке сылқия тойып алған ер адам бөтелкелесін өлтіріп қойды

Батыс Қазақстан облысында ішімдік ішіп алған 45 жастағы тұрғын бөтелкелесін өлтірді. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К

Оқиға Жәнібек ауылында болған. Орта жастағы тұрғын үйіне 35-тегі досын қонаққа шақырған. Содан екеуі спирттік ішімдік ішкен. Кейін олардың арасында жанжал туындаған. Үй иесі досына дене жарақатын салған. Жәбірленуші алған жарақаттарының оқиға орнында көз жұмды.

ІІМ Telegram-каналының жазуынша, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабымен (Адам өлтіру) тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button