Западно-Казахстанская область

БҚО-да балалар итке жыныстық сипаттағы әрекет жасаған

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында итке қорлық көрсеткен жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Итке иттік жасап жатқандардың видеосы Telegram әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда үш жасөспірімнің жануарды түрлі әдіспен қорлап жатқанын көруге болады. Жасөспірімдердің бірі оны күрес әдісімен лақтырса, енді бірі оған сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.

 

Ғаламторда шу туғызған бейнежазбаны полицейлер назардан тыс қалдырмады. Мектеп оқушыларының ата-анасы ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша жауапқа тартылса, 2007, 2008, 2009 жылы туған жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Другие новости

Back to top button