Западно-Казахстанская область

БҚО-да ата-анасы кафеде отырғанда 5 жасар баласы суға батып кетті

28 шілде күні кешке Шығыс Қазақстан облысының Жайық ауылындағы демалыс базасында қайғылы жағдай болды: бес жасар бала суға батып кетті. Бұл кезде баланың ата-анасы мен туыстары жазғы дәмханада отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бала жағажайға ата-анасымен және туыстарымен барған.

Бала суға жүзетін дөңгелекпен жүзіп жүрген. Бұл кезде баланың ата-анасы мен туыстары жағадан 50 метр қашықтықта орналасқан жазғы дәмханада болған. Бала жоқ екенін аңғарған олар оны іздеуге кіріседі. 40 минуттық іздестіру жұмыстарынан кейін жағажайдағы құтқарушылардың бірі баланың денесін тапты.БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Оқиға болған жер суға түсуге арналып жабдықталған.

Другие новости

Back to top button