«Бостандық беруге уәде етті»: Ресей түрмедегі шетелдік азаматтарды да Украина соғысына жіберген
Замбиялық студенттің отбасы Ресейден болған оқиғаның мән-жайын түсіндіруді талап етеді
Украинадағы соғыстан бір-ақ шыққан замбиялық студенттің отбасы Ресейден болған оқиғаның барлық жағдайларын түсіндіруді талап етеді. Лемехани Ньиренданың әпкесі ВВС-ге берген сұхбатында жақындары оның соғысқа кеткенінен хабарсыз болған.
Музангалу Ньиренданың айтуынша, жас жігіттің шетелдегі соғыста қаза болуы тым күмәнді сұрақтар туғызған.
Дүйсенбіде Замбия СІМ басшысы Стэнли Какубо Украинадағы соғыста өз елінің азаматы қайтыс болды деп мәлімдеді. Бұл Украинадағы соғыс қимылдарына Ресей жағынан жалданған шетелдіктің қайтыс болуының алғашқы белгілі жағдайы. Замбия СІМ айтуынша, Ньиренда 22 қыркүйекте Украинадағы соғыс даласында қаза болған. Оның денесі жақында Замбияға жіберіледі.
«Біз әлі көп нәрсені білмейміз. Мысалы, Замбия билігі оны соғысқа жіберу туралы неге ештеңе білмеді? Оны сол жерге жіберген адамдар бізге менсінбей қарады, олар үшін ол ешкім емес еді, олар оны жай ғана пайдаланды. Біз оны қалай жалдағанын білгіміз келеді, ал отбасы ештеңе білмеді. Мүмкін оны қорқытып, мәжбүрлеген шығар?» — деді Музангал Ниренда.
Лемехани университет оқытушыларының отбасында дүниеге келген және төрт баланың кенжесі болған. Музангалу Ньиренда айтқандай, оның ағасы 2019 жылы мемлекеттік стипендия алып, Ресей мен Замбия арасындағы келісім аясында Ресейге ядролық нысандар құрылысының негіздерін зерттеуге барған. Ол Мәскеу инженерлік-физикалық институтында (МИФИ) оқыған.
Замбиялық студент қосымша курьер ретінде жұмыс істеп жүргенде 2020 жылы есірткі табылған пакетпен ұсталған. Онлайн хабарламаның тапсырысын жеткізуге кетіп бара жатқан курьер пакеттен табылған есірткі үшін қамауға алынып, ақыры 9,5 жылға сотталып кетті.
Туыстарының айтуынша, колониядағылар Украинадағы соғысқа қатысса, оларға бостандық беруге уәде еткен.
Замбия Мәскеумен қарым-қатынасты бұзғысы келмейтін көптеген Африка елдері сияқты, Украинадағы соғыс туралы бейтарап ұстанымға ие.