Госорганы
Боран: екі облыста көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді

Қазавтожол көлік қозғалысын шектеу туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2025 жылғы 13 ақпан сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Қарағанды облысы:
«Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы:
«Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 14 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.