АлматыВыбор редакции

Болат Назарбаев Алматының орталығындағы хан сарайындай зәулім үйін сатпақшы

Әлеуметтік желіде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың тағы бір зәулім үйіне қатысты ақпарат тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

«Выход к морю» Telegram арнасының жазуынша, Болат Назарбаевтың Алматыдағы «Атакент» көрме алаңы маңында 72 соток (0,72 гектар) жерге салған зәулім үйі бар екен.

Мемлекеттік жер кадастры дерегі бойынша, үй ботаникалық бақ пен Южный саябағының арасында орналасқан. Google-дің спутниктік суреттеріне сенетін болсақ, бұл қарапайым үй емес, аумақтағы ең үлкен жеке зәулім үй,

-делінген арнадағы жазбада.

©t.me/off_shores

Ол үйдің аумағында спорт алаңы, субұрқақ, гараж және тағы бірнеше қосалқы ғимараттары бар, Қазір сол үй сатуға шығарылған. Көршілес орналасқан аумағы 600 шаршы метр үйдің (суретте сары түспен белгіленген) бағасы 1 миллиард теңге. Ал Болаттың үйі деген нысанның (1,5 мың шаршы метр) нарықтық құны жер телімін есепке алғанда 3-4 миллиард теңгеге бағалануы мүмкін.

Другие новости

Back to top button