Выбор редакцииИнтервьюСпорт

«Боксшылардан үнемі алтын күтеді»: Назым Қызайбай олимпиадада финалға шыға алмау себебі, спорттағы “ағалық-көкелік” жайлы ашық айтты

Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай финалға шыға алмау себебін дайындығының аз болуымен байланыстырды. Басқа боксшыларға үздіктер қатарынан көрінуге не кедергі болғанына қатысты өз ойын жеткізді. Жақында Назым Қызайбай редакциямызда қонақта болды, ашық сұхбат берді. Назымнан жеке өмірі, тұрмыс құруға жоспары, сыйақысын неге жұмсайтыны туралы сұрадық. Одан бөлек, спорттағы даулы тақырыптар мен Ангелина Лукасқа, олимпиададан боксты алып тастау мәселесіне қатысты ойын білдік. 

Назымның сөзінше, боксшылардың үздіктер қатарынан көрінуіне бірнеше фактор әсер етуі мүмкін.

“Бокс – олимпиадада ең бірінші келіп, ең соңында кететін спорт түрі. Біз екі аптадай жүрдік. Созылып кетті. Ол да өз әсерін беруі мүмкін. Кейбір спортта спортшылардың қатысып жатқанына қуанса, біздікілер алтын күтеді. Сондай деңгейге жетіп қалған. Жылдан жылға қиындау болып жатыр. Бұған дейін жеткен жетістіктерді ұмытып кетеді. Әлем чемпионатында төрт алтынмен келді біздің жігіттер. Сол кезде бәрі көтерді. Бірақ бұл жерде басқаша болды. Солай бұйырып тұрған шығар. Алда өзгерістер болатын шығар деп ойлаймын”, – дейді Назым Қызайбай.

Назым тұрмыс құрған соң спорттан кететінін ашық айтты.

“Егер сен өз адамыңды кездестірсең, ештеңеге қарамай шыға салатын сияқтысың. Мен солай олаймын. Өз адамымды кездестірмеген соң, спорт деп жүрмін. Күйеуге шыққан соң спортты жалғастырмаймын. Кейбіреулер бар, күйеуге шығады, қайтып келеді. Баласы бар қыздар бар бізде. Қиын. Таңдау жасаған соң, солай кету керек”, – дейді спортшы.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріңіздер.

 

Другие новости

Back to top button