Главное
«Бөкейорда» табиғи резерватының бас директоры қамалды

Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Антикордың мәліметіне сүйенсек, қазір оған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
«Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Ол соттың санкциясымен қамалды», — деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Қазір Антикор оның басқа қылмыстарға қатысы бар ма деген мәселені тексеріп жатыр.
Резерваттың директоры кім
Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ресми сайтында 2025 жылдың 3-ақпанындағы ақпаратқа сүйенсек, резерваттың директоры Ұлан Мамырбаев болған. Ол сол кезде резерваттың 2024 жылдағы жұмысын қорытындылап, 2025 жылға арналған жоспарын талқылаған.