Госорганы

Бодимассаж, вебкам, жезөкшелік: ІІМ жаңа заң аясында кімдерді ұстап жатыр

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығының орынбасары Шынар Көшербаева «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңының орындалуына қатысты дөңгелек үстелде сексуалдық бағыттағы қылмыстармен күресу жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа түзетулер аясында нақты жұмыс қосымша заңдардың орындалуына да бағытталып жатыр.

«Мысалы, нормалар күшіне енгеннен кейін ішкі істер органдары сексуалдық сипаттағы басқа қызметтерді көрсетуге адамдарды тарту фактілерін (мысалы, бодимассаж, вебкам-порнография) тоқтату жөнінде шаралар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, сексуалдық сипаттағы басқа қызметтерді көрсету үшін притондар ұйымдастыру фактілері де тоқтатылып жатыр. Жаңа қылмыстық құрам бойынша 10 қылмыс тіркелген. Бұл дерек заң жобасы күшіне енгеннен кейін, яғни қыркүйек-қазан айларында анықталды. Мәселен, осы бағытта бір облыста эротикалық бодимассаж түрінде сексуалдық сипаттағы басқа қызметтерді көрсету үшін притон ұйымдастыру фактісі анықталды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабымен тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — дейді Көшербаева.

Еске салсақ, осыған дейін онлайн жезөкшелік пен бодимассаж мәселесінің алдын алу бойынша хабарланған.

 

Другие новости

Back to top button