Культура
Блогер Мерей Абилова қызды болды
Танымал блогер Мерей Абилова алғаш рет ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы футболшы Димаш Кашкенге тұрмысқа шыққан еді.
“Қош келдің өмірге, қызым! Неден бастарымды білмеймін…”, – деп жазды блогер.
Айта кетейік, жақында блогердің әкесідүниеден озған еді.
“Әкешім. Өмірімдегі үлгі тұтатын жан. Сіздің берген өсиетіңізбен бой жеттік. Сізге қарап, өз жұбымызды таптық. Ақ батаңыздың арқасында жаман өмір сүрмедік. Елге қаншама еңбегіңізді тигізіп кеттіңіз. Менің әкем ар-абыройы бойында, әділ, шыншыл жан болды. Енді Алла сізді өз рақымына алсын”, – деп жазған еді Мерей.