Выбор редакции

Бізге әлемдік технология тым алыстап кетті — Нұрмахаммед Байғараев

Мына суреттегі 40-тағы жігіт өткенде АҚШ-тың құнды қағаздар нарығын құлатты ғой. Есімі Лян Уэньфэн.

Өзі 2007 жылдан бері жасанды интеллекті түрлі салада қолдануға тырысып жүр екен. Тек акциялардың бағасын анықтау саласында ғана жолы болыпты. Яғни, акция құнын брокерлерден сұрамайды, ЖИ түрлі статистикалық мәліметтерді сараптап, болжам айтады.

Осы механизмге негізделген хедж фонд құрған екен. Сол жақтан сәл-пәл ақша жинап, NVIDIA-ның 10 мың картасын алып қойған екен. Соның негізінде әлгі DeepSeek-ті жасап шығыпты.

Меніңше, қазіргі жағдай уақытша эффект сияқты. АҚШ жүздеген миллиард доллар, мыңдаған инженер, жаңа технология, чиптерімен бәрібір уақыт өте Қытайды ығыстырып тастайтын сияқты. Болмаса басқа бір заңсыз әдісін табар.

Енді 500 млрд доллар құямыз деген өткендегі StarGate жобасы не болады екен? Презентациясы мықты болған еді.

ChatGPT мен DeepSeek-қа «Қытайдың саяси жүйесі авторитарлық жүйе ме» деп сұрақ қойдым. Алғашқысы иә, әрине, деп бірнеше аргумент келтірді. DeepSeek қытайлық жүйе уникальный, социалистік спецификасы бар деп басқа жаққа лағып кетті. Яғни, қытайлық болған соң бәрібір жауапқа ықпал етеді екен.

Акциялар туралы сұрақ қойсам, ChatGPT мәліметі жаңалау болып шықты.

Қысқасы, біз шағын бизнестің күні не болады деп жүргенде әлемдік технология тым алыстап кетті. Біз тек олар туралы жаңалық оқып жүрміз.

p.s Айтпақшы, бұл компаниялардың бәріне дата центр керек, ол бірнеше стадион сияқты үлкен жер. Оның бәріне электр энергиясы қажет. Сондықтан ірі гигант компаниялар шағын атом реакторларын жалдай бастапты. Яғни, уранға сұраныс арта түседі деген сөз.

 

Дереккөз: Нұрмахаммед Байғараевтың желідегі жазбасы

Другие новости

Back to top button