Госорганы

«Біздікі емес»: ҚТЖ Маңғышылақ-Ақтөбе арасындағы әбден тозған пойызға қатысты жауап берді (ВИДЕО)

Маңғышылақ-Ақтөбе бағытында жүретін, әбден тозығы жеткен пойыз ұлттық тасымалдаушы – «Қазақстан Темір жолы компаниясы» мен «Жолаушылар тасымалы» компаниясына қарамайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, жолаушылар Маңғышылақ-Ақтөбе арасындағы пойыздың сын көтермейтін жағдайын видеоға түсіріп, желіге жүктеген болатын. Осыған байланысты редакция ұлттық тасымалдаушы – «Қазақстан Темір жолы» компаниясынан ресми түсініктеме сұратқан.

«Бұл пойыз «Otpan logistic» ЖШС жеке тасымалдаушысына тиесілі. Яғни, ҚТЖ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның құзіретіне жатпайды», — деп хабарлады компания.

Біз осы пойыздың жай-күйіне қатысты Көлік министрлігіне ресми сауал жолдаймыз.

Другие новости

Back to top button