Выбор редакцииКультура

«Бізді кіргізбеді»: Жансақтау бөліміне түскен Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы туралы жұбайы пікір білдірді

Ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскен болатын. Оның денсаулығы туралы зайыбы Бақытжамал Ерманова пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz. порталына сілтеме жасап.

«Ауруханаға түскенде қатты алаңдап едік. Қазір жағдайы жақсы. Жақсарып келе жатыр. Қасында дәрігері, медбикесі бар. Бізді кіргізбейді. Тек хабарын біліп отырмыз. «Батпандап кірген ауру мысқылдап шығады» дейді ғой. Таяу арада жазылып, қатарымызға қосылып кетеді деген үмітіміз бар. Жақсы ниетпен отырмыз», — деп ақынның жұбайы Бақытжамал Ерманова.

Еске салайық, бұған дейін Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені туралы хабар әлеуметтік желіде таралған болатын. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният та пікір білдірген.

«Жүрсін ағамыздың денсаулығы толық бақылауда, ауру асқынып, сепсиске айналыпты. Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем жасалуда. Уақыт пен сабыр керек», — деген ол.

Другие новости

Back to top button