Госорганы

Бізде шикізат жеткілікті – Президент көміртекті бейтараптыққа көшу жайлы

Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көміртекті бейтараптыққа көшуді жеделдететін факторды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық сарапшылардың пікірінше, жаһандық күрделі салымдардың үштен бір бөлігі қазірдің өзінде жаңартылатын энергетика жобаларына тиесілі. Қазақстанда да үлкен жұмыс атқарылды, жаңа Экологиялық кодекс және 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясы қабылданды. Генерацияның жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергетиканың үлесі соңғы бес жылда 5%-ға дейін өсті. 2027 жылға қарай тағы 1,4 гигаватт қуат енгізіледі», — деді Президент.

Мемлекет басшысы елдегі энергетикалық баланс құрылымы өзгергенін айтып, бүкіл энергетика саласын басқару тәсілдерін жетілдіру қажет екенін атап өтті.

«Сутегі генерациясын дамыту қажет. Генерациялау объектілерін кеңейту-технологияларды трансферттеу және энергетикалық машина жасауда өндірісті оқшаулау, аккумулятор өнеркәсібін құруға негіз болмақ. Бақытымызға орай, бізде шикізат жеткілікті. Теңдестіру қуатын, энергияны жинақтау жүйесін құру саласында жаңа шешімдер қажет. Көміртекті бейтараптыққа көшуді парниктік газдар шығарындыларына квота саудасы жеделдетуі мүмкін. Үкімет пен бизнес осы бағыттардағы мүмкіндіктерді пайдалануы керек», — деп тоқталды Президент.

Айта кетейік, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Другие новости

Back to top button