ГлавноеГосорганы

«Бізде бұдан басқа жол жоқ»: Смайылов бензин мен дизель бағасын өсіру туралы

Қазақстан көршілес елдермен баға айырмасын азайтуға мәжбүр

Бағаны көтермесе, бір айдан кейін жанармай тапшылығы болады. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Бағасы айтарлықтай арзан болғандықтан, біздің отынды  көрші елдерге тасып әкету үрдісі белең алды. Мәселен, бензин құны Ресейде 45%-ға, Қырғызстанда 64%-ға, Өзбекстанда 100%-ға жоғары. Соның нәтижесінде біз  жанармай тапшылығына, әсіресе егін жұмыстарын дизель отынымен қамтамасыз етуде елеулі қиындықтарға кезігіп отырмыз. Бүгінде отандық мұнай өңдеу зауыттары өз мүмкіндіктерінің ең жоғары шегінде жұмыс істеп жатыр», — деді Смайылов.

Ол атағандай, бензин мен дизель отынының бағасын одан ары ұстап тұру елдің энергетикалық қауіпсіздігіне теріс әсер етуі мүмкін.

«Біз Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмасын төмендетуге мәжбүрміз. Бізде бұдан басқа жол жоқ. Әйтпесе, бір айдан кейін жанармай тапшылығына тап боламыз», — деді ол.

Другие новости

Back to top button