Социум

Біз танымайтын депутаттар. ТОП-10

Қазіргі жағдайда депутаттардың санымен емес, сапасымен жұмыс істеу керек. Депутат —  халық өкілі, оның мүддесін қорғаушы. Депутат — халық сайлайтын екі лауазымның бірі. Бірақ осы халық сайласа да, халықтың өзі танымайтын депутаттар көп. Көзімізге ілінген жиырма шақтысын білсек, қалған жүзден астамынының не істеп жүргенін білмейміз.

Кейбірін кешегі Путинді қолдаған Әбілдаев сияқты жанжал шыққан кезде ғана танып қаламыз. Басқа уақытта ұйқыға кеткен аюдай аты бар да, заты жоқ дегендей отырады.

Өзінің құзіретіне сәйкес келмейтін, зейнет жасынан асып кеткен депутаттар қазіргі Парламенттің сиқын кетірген. Одан бөлек депутаттарымыз халықтың мәселессін көтергенмен, өздері заң шығара алмайды. Бізде депутаттар заңды қабылдаушылар ғана болып отыр.

Егер ол жерге елім дегенде езіліп тұратын жастар келсе, мықты ұйымға айналып, саяси реформалар жасайтын, үкіметті жасақтайтын, әкімдерді де, сот өкілдерін де тағайындайтын осы Парламент болуы керек. Ал тек қара басын ойлайтын адамдардың кесірінен  еліміз дағдарысқа ұшырап, шешілмеген мәселелер көбейіп жатыр. Себебі сайлау алды үгіт насихатында  барлық жоспарын үйіп-төгіп, сайланғаннан кейін оның бірінде жасамаған талай депуттар бар. Депутат болуды өзінің жеке кәсіпкерлігі үшін оң жамбасына басатындар көп. Депутаттардың шынайы жұмыс істеуі үшін халықтық бақылау орнату керек.

Халық алдағы депутаттардың кабинетінде креслода отыратын емес, ел алдына шығатын, халықпен тілдесетін адам қажет деп отыр. Әсіресе ауылды аймақтағы ел-жұрттың жаңдайын барып көзбен көрсін дейді. Тек қағаздағы жазба есепке қарамай, оның шынайы түрін өздері  қарап барып есеп беруге дағдыландыру қажет деп өз пікірлерін білдіруде. Ең басты ұстаным қазақ тілін меңгеріп, тұрғындармен қазақша тілдесу, қоғамдық автобустарда жүріп күнделікты тыныс-тіршілікпен танысу маңызды деп отыр.

 1. Абильдаев Азамат Рахатович

1972 жылы Алматы олысы Жамбыл ауданы Қастек ауылында туған.2021 жылдан жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Ақ жол партиясы.

Фото из открытых источников

2. Адамбаев Сырым Жуматаевич

1962 жылы 7 сәуірде Алма-Ата қаласында дүниеге келген. 2021 жылдан бастап VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған. Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

3. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы

1989 жылдың 1 қаңтарында Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында туған. 2021 жылдың қаңтар айынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі.

 

4. Бекжанов Берік Айдарович

1967 жылы Шымкент қаласында туған. Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Аманат партиясы.

5. Елюбаев Мади Сагинтаевич

1982 жылғы 9 ақпанда Көкшетау қаласында дүниеге келген. 2021 жылдан бастап «AMANAT» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

6. Камасова Зарина Айдархановна

1962 Украина, Умань қаласы, Черкасск облысында дүниеге келген. ҚР Парламенті Мәжілісіне «Nur Otan» партиясынан кандидат (14.12.2020 г.) Nur Otan партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің ҮІІ шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

7. Нурумова Гульдара Алданышевна

1965 жылы 25 қантарда Қызылорда облысында дүниеге келген.2021 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

8. Сартбаев Бауыржан Мейрамбекович

1966 жылы 8 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.2021 жылдың қаңтарынан бастап -ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер Комитетінің мүшесі

9. Tажмағамбетова Мақпал Мазаковна 

1983 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. 2021 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, Әлеуметтік — мәдени даму комитетінің мүшесі.

10. Барлыбев Ерлан Хайланұлы

1967 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы тумасы.2021 жылғы қаңтардан –VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Ақ жол партисы мүшесі.

 

 

Журналист Мадина Сарбалаева 

Другие новости

Back to top button